Көлік және жолдар

Қалаішілік жолдар жөнделуде



 

Соңғы бірнеше жыл көлемінде қаланың орталық көшелерінің бірі саналатын Интернационал көшесіндегі тас жолдың беткі қабаты әбден тозған еді. Үстіміздегі жылы мұнда жаңа асфальт қабатын төсеу жұмыстары басталды. Таңсәріден жолдың Әуезов және Астана көшелерінің аралығы тазартылып, беті тегістелді.

 Виктор Ли, «Су-808» ЖШС директоры:

– Бұл жерде 99 жерасты құдығын көтеру және жиектас орнату жұмыстары қоса жоспарланған. Көшеге 9,5 мың тонна көлеміндегі тас жол бетоны төселеді. Жөндеу жұмыстарын 22-23 күнде аяқтаймыз деген ойдамыз.

Интернационал көшесін жөндеуге қажетті техника және 28 маман тартылды. Тас жолды төсеу үшін 2,5 мың тонна битум, 18 мың текше метр қиыршық тас, құм, 1,5 км жиек тас сатылып алынған. Барлығы “Су-808” компаниясы биыл 6 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізбек.

Виктор Ли, «Су-808» ЖШС директоры:

– Алдағы уақытта С.Мұқанов көшесінің Горькийден Театр көшесіне дейінгі, Брусиловский көшесінің Сәтпаевтен Астанаға дейінгі аралығын, 1-ші Заречный көшесін, Мир көшесін Жуковтан Победаға дейін және Пржевальский көшесін Ригадан Набережный көшелеріне дейін жөндеуді көздеп отырмыз.   

Төселген жол сапалы болуы үшін оның бетінде 2 сағат бойы тегістеу жұмыстары жүргізіледі, кейін құйылған асфальт әбден сууы керек. Алайда, жөндеу жұмыстарын елемей, жол төсеушілерге кедергі келтіргендер де табылып жатыр. Айналып өту белгісін елемеген жол ережесін бұзушы 8090 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Әсел Күшенғалиева