Спорт

Футболдан облыс әкімінің кубогы үшін жарыс аяқталды

 

 

 

4 күн бойы 600-ге тарта спортшы өңір басшысының кубогын сарапқа салды. Тартысты додаға қала мен аудандардың 41 командасы жиылды. Міне, бүгін жеңіс күнінде Қарасай стадионында ақтық сынға жолдама алған аяқдоп шеберлері кубокты сарапқа салуда. Ақтық сынға “Жеңіс” командасы мен футболдан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрамасы шықты. Екеуі де осал емес. Сондықтан болар бірінші таймда футболшылардың бағыттаған доптары қақпаға дарымай қойды. Ал  үзілістен кейін “Жеңіс” командасы қарсыластарының қақпасына соққан голымен көрермендерді қуантты. Есеп 1-0. Ойын “Жеңіс” құрамасының пайдасына шешілді. Жеңіс күнімен және футболдан облыс әкімі кубогы үшін жарсыстың жабылуымен ойыншыларды өңір басшысының орынбасары Фархад Қуанғанов құттықтады.  1995-96 жылғы жасөспірімдер арасында өткен ойындарда суырылып алға шыққан “Жеңіс” мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері облыс әкімінің кубогына ие болды. Екінші орыннан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрамасы көрінсе, үздік үштікті жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыстары жөніндегі орталығының командасы қорытындылады. Сондай-ақ, аяқ доп шеберлерінің арасында 4 аталым бойынша: “Ең үздік ойыншы”, “Ең үздік қақпашы”, “Ең үздік шабуылдаушы”, “Ең үздік қорғаушы” анықталды. Солардың бірі “Жеңіс” командасының капитаны Әсет Қабдоллаев.

Әсет Қабдоллаев, “Жеңіс” командасының капитаны:
Осы ойынға катысып, футбол ойнағанымызға облыс әкіміне көп алғыс айтамыз. Жеңіс күні құтты болсын. Біздің ата-бабалармыз мүмкіндік бергендеріне рахмет.  

Екінші топ бойынша 14-15 жастағы жасөспірімдерден қалалық “Жеңіс” командасы бірінші орыннан көрінсе, екінші орынды жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыстары жөніндегі орталық, ал қола медальды Қызылжар ауданының командасы еншіледі.

Игорь Гульшин, “Жеңіс” командасының қақпашысы:
– Бүгінгі ойын өте тартысты өтті.
Барлық құрамалар жеңістен дәмелі еді. Алайда  біз қарсыластарымызды 1-0 есебімен ұттық. Бұл оңай болған жоқ. Ұлы жеңіс мерекесі күнінде біз де жеңіске жеттік.   

Футболшыларды сайысқа дайындаған жаттықтырушылар да марапатсыз қалмады. “Ең үздік жаттықтырушы” атағына 2 бапкер лайық деп табылды. Солардың бірі -Қанат Мұхаметжанов.

 Қанат Мұхаметжанов, қалалық “Жеңіс” командасының жаттықтырушысы:
– Бүгін жарыстың соңғы күні. Таңертең 1997 жылғы балалар арасындағы ойын аяқталды. Жарыс өте жақсы өтті.

Аталымдардан өзге ойыншыларға 50 мың, 35 мың және 25 мың теңгелік сертификаттар табыс етілді.

 Гүлбану Ахметова