Қоғам

Жеңіс мерекесіндегі туған күн


 

Мұқатай Айтбаев 18 жасқа толар- толмаста әскери борышын өтеу үшін майданға аттанып кеткен. Соғысқа өзінен бұрын шақырылған үш ағасынан қаралы  хабар алысымен, өз еркімен әскер қатарына сұранады. Әскери саланың қыр-сырын әбден меңгеріп, кіші лейтенант шенінде  майданға 1945 жылы  кірген.  Бірден  Қызыл тулы 287-полктың 5-миномет взводының құрамында Германиядағы кескілескен ұрыстардың бел ортасына түседі.

Мұқатай Атбаев, ҰОС ардагері:
– Соғыстың аяқталған күнімен бүкіл қазақстандықтарды құттықтаймын. Бұдан былай соғыс болмасын,  тыныштық болсын. Молшылық, азаматшылық болсын.  

Соғыс өрті сөнген  9 мамыр күні  – ардагер үшін қос мереке. Көктемнің шуақты күнінде жерлесіміз туған күнін атап өтеді. Биыл жеңіс жауынгері 87 жасқа толмақ. Бүгінде ардагер соғыс жылдары жайында кітап шығарсам деген ойда. Қазір жинаққа кіретін мәліметтерді жинастырып жүр.

Гүлбану Ахметова