Қоғам

Жасөспірімдер соғыс жайлы ардагердің әңгімесін тыңдады


 

Облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында бүгін мереке. Балаларға қонаққа Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Жүнісов келді.

Сәуле Кәкпенова, СҚО кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

– Бұл кездесу біздің орталықта тәрбиеленіп жатқан балалардың бойында ұлтжандылық, елжандылық сезімін ұялату мақсатында өткізіліп отыр. Қан  майдандағы жауынгерлердің ерлігі жайлы ардагерлердің өз аузынан естіп, білімдерін толықтыру үшін өткізіп отырмыз.  

Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Жүнісов әйгілі Курс иініндегі шайқасқа қатысқан, Харьков, Кременчуг, Кривоград қалаларын азат етуге атсалысқан.

Қасым Жүнісов, ҰОС ардагері:

-1944 жылдың 6 қаңтарында снаряд жарылып, сынығынан қатты жарақаттандым. Бұл таңғы сағат 9-дар шамасы болатын. Содан түнгі саған 1-ге дейін есімді жия алмаппын.

Балалар бейбіт өмір сыйлған ардагерге әсем ән мен билерін тарту етті.
 
Әсел Күшенғалиева