Қоғам

Он сегізінде от кешкен

 

 

18 жасар Степан Башкиров 1943 жылы әскери борышын өтеу үшін майдан даласына аттанады. Алдымен Польша жерінде, кейін Германия аумағындағы ұрыстарға қатысқан. 19 жасында ержүрек азамат «Қызыл жұлдыз» орденіне ие болады.Елдің еркіндігі үшін күрескен ардагердің ерлігін жерлестері ұмытқан емес. Мереке қарсаңында қалалық ардагерлер кеңесі мен Ресей жинақ банкінің өкілдері құрметті азаматты құттықтауға келді.

Мүкәрам Шәкімов, қалалық ардагерлер кеңесі комиссиясының төрағасы:
Ол кісілердің істеген жақсылықтарын, ерліктерін біз ешқашан да ұмытпаймыз. Туған күндерімен, мерекелермен оларды құттықтаймыз. Шағын сыйлықтарымызды ұсынамыз.
Елена Сейфутдинова
,  “Ресей жинақ банкі” АҚ Петропавл қаласындағы филиалының өкілі:
Жеңіс күні барша қазақстандықтар үшін үлкен мейрам. Осы күні ардагерлеріміздің саны азайып барады. Бұл азаматтардың жасаған ерліктерін ұмытпай, оларды әр уақытта сыйлау – біздің парызымыз деп білемін.

“Бейбіт елде өмір сүріп жатқан жастар бақытты”, – дейді ардагер. Бұл бақты бағалай білу керек. Қария әр жиында осыны айтып жүреді екен.

Степан Башкиров, Ұлы Отан соғысының ардагері:
Жастардың бізге, ардагерлерге көрсетіп жатқан қамқорлықтарына алғысымызды білдіргіміз келеді. Бүгін мені құттықтау үшін үйге келіп отыр. Еш уақытта ұмытпайды, барлық шараларға шақырып отырады.

Ардагердің майданнан кейінгі өндірістегі орны да ерекше. Ол қазіргі “Мұнаймаш” зауытында 58 жыл еңбек еткен екен.

Айдана Демесінова