Мәдениет

Мектеп оқушыларына арналған әскери лагерь


 

Әскери лагерьдің аумағына жиналған оқушылар алдымен екі бөлімшеге бөлініп,   граната ату арқылы өзара мергендерді анықтады. Келесі кезеңде кабельді катушканың үзілген жерін қосып, бөлімшені байланыспен қамтамасыз ету міндеті қойылды. Себебі әскери іс-әрекеттерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін өзара байланыс болуы қажет. Бұдан соң, «қызыл әскерлер» штабта бас қосты. Майдандағы жауынгерлердің тұрмыс жағдайымен оқушылар осы жерде таныса алды.

 Анна Лысенок, мұражайдың табиғат бөлімінің қызметшісі:

– Соғыс кезінде солдаттың арқасына іліп жүрген сөмкесі – жауынгерлердің «екінші үйі» болып есептелетін. Онда вафельді орамал, сабын, ауыстырып киетін шұлғаулар, қарындаш, плащ-палатка болған. Ине-жіп -құлақшында немесе пилоткада, қасық – етіктің қонышында немесе бәтеңкенің шұлғауына салынып жүрген.  

Әрбір қару жарақтың шығу тарихымен оқушылар жіті танысты. Мысалы,   Шпагиннің «ППШ-41» тапанша- пулеметі жаяу әскердің ең сенімді қаруы болған. Себебі ол 1 минутта 100 оқ жаудырған.

 – Мені қару-жарақтар жайлы мәлімет әсіресе қызықтырды. Соғыс кезінде 20 млн астам жауынгер майданда қаза тапқан. Біз олардың ерліктерін ұмытпаймыз.
– Соғыс кезінде талай сарбаз жер құшты. Егер олардың әрбірін еске алу үшін үнсіздік минутын жариялайтын болса, онда еліміз 38 жыл бойы үнсіз болады екен. Біз, кейінгі ұрпақ олар аманат еткен бейбітшілікті сақтап қалуға тырысамыз.

Әскери лагерьдің жұмысымен өзге оқушылар мамырдың 16-ына дейін таныса алады.

Әсел Күшенғалиева