Қоғам

Энергетиктер майдангерлерге құрмет көрсетті

 

 

 Ұлы Жеңіс күні мейрамының маңызы уақыт өткен сайын арта түседі. Кейінгі ұрпаққа ашық аспан астындағы бейбіт өмір сыйлаған ержүрек аталарымызды еске алып, олардың рухтарына тағзым ету парызымыз дейді жиылғандар.   «СевКазЭнерго» АҚ-ның өкілдері үшін бұл шара игі дәстүрге айналған.

Игорь Татаров, «СевКазЭнерго»  АҚ басқарма төрағасы:
-Ардагерлерге алғысымызды білдіргім келеді. Біз олардың ерлігін еш уақытта ұмытпаймыз. Ардагерлерімізді мереке қарсаңында құттықтап, марапаттаймыз.

Сұрапыл соғысқа қатысқан азаматтардың ерліктері еш уақытта ұмытылмайды. Ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың «Жұлдыздар» отбасының тәрбиеленушілері де   ержүрек бабалардың  рухына тағзым етуге келді.

 -Соғыс басталғанда менімен жасты жігіттер Отанды қорғау үшін майданға аттанған. Біздің жарқын болашағымыз үшін күресті. Егер де мені әскерге шақыртса, мен Отан алдындағы борышымды абыроймен өтеуге тырысамын.
-Ардагерлердің игі істерін ұмытпау керек. Біз, жастар оларды құрметтейміз. Ата-бабаларымызға көп рахмет айтқым келеді.

Кейін «СевКазЭнерго» АҚ  басшылығы соғыс ардагері Татьяна Махованы Жеңіс күнімен құттықтады. Татьяна Махова 20 жасында өз еркімен майданға аттаныпты. Соғыстың қиындықтары 91 жастағы қарияның әлі есінде.

 Татьяна Махова, соғыс ардагері:
– Бейбіт өмірді сақтаңдар. Елдің болашағы, жастар, сендердің қолдарыңда. Біздің қатарластарымыз, ата-аналарымыз сендерге бейбіт өмір сыйлау үшін қолынан келгенін жасады. Сендер мұны ұмытпаңдар.

Айдана Демесінова