Қоғам

Батыр бабаларға тағзым

 

 

Ел шетіне жау тиіп, қара бұлт үйірілгенде басқыншылардан қазақтың кең байтақ жерін қорғап қалған батырлар кейінгі ұрпақтың мәңгі жадында. Қайсар бабаларымызға құрмет көрсету рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров пен қала басшысы Болат Жұмабеков қатысты. Атаулы күні Ағынтай мен Қарасай батырлардың рухына тағзым етуге қоғам қайраткерлері мен ардагерлер, әскерилер мен жастар қатысты.

Ернар Әшірбеков, ҚР ІІМ ІӘ әскери институты  батальон командирінің орынбасары:
-Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елімізді қорғап қалған батырларымызды үлгі тұтып жиналып отырмыз. Біріншіден бұл туған тарихымызға тағзым. Жастарға да патриоттық тәрбие берудің жақсы жолы.  

Жеңіс Ермұқанов