Қоғам

Жемқорлықпен күрес айлығы

 

 

Жемқорлықпен ымырасыз күрес – “Нұр Отан” ХДП ұстанған негізгі бағыттардың бірі. Жыл сайын партия қатарындағылар “Таза сессия”, “Өзіңнен баста” сияқты кең ауқымды акцияларды ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Соңғысының аясында былтыр 360 мемлекеттік қызметші өзінің табысы мен мүлкі туралы ақпаратты жария етті. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қарсы шаралар биыл да жалғасын тапты. Саяси ұйым өкілдерінің көздегені – індетке қарсы күресте азаматтық қоғамның барлық өкілдерін жұмылдыру. Сондықтан, “Жаңғыру мен жемқорлық – үйлеспес ұғымдар” акциясы барысында қоғамның барлық салалары қамтылмақ. Білім беру саласы да назардан тыс қалмайды.

Данияр Әбутәліпов, «Нұр Отан» ХДП СҚОФ «Болашақ» филиалы төрағасының орынбасары:

– Негізгі мақсатымыз – алдын алу шараларын өткізу және жастарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу. Осы мәселелерді бүгінгі кездесуде айта отыра, олардың шешімдерін тыңдайтын боламыз.

Жемқорлықты жеңбей – экономикамыздың қарыштап өсуі мүмкін емес. Сондықтан қоғамдық індетті ауыздықтауға кәрі-жас бір адамдай жұмыла кірісуі керек.

 Ескендір Елеусізов, СҚО ардагерлер ұйымының төрағасы:

– «Нұр Отан» партиясы көтеріп отырған бұл мәселені жалпы халық, оның ішінде біз ардагерлер ұйымы қолдаймыз. Себебі, ертең біздің ұрпақ, балаларымыз қай мемлекетте тұрып жатыр деген сауал туындауы мүмкін. Сондықтан бұл керек жағдай.

Республикалық шараны бір ай көлемінде өткізу жоспарланған. Оның барысында азаматтарды қабылдау, кәсіпкерлермен кездесу, дебаттар, рейдтер, «Өзіңнен баста», «Таза сессия» акциялары мен байқаулар өткізіліп, буклеттер, үндеу парақтары шығарылатын болады.

Әсел Күшенғалиева