Бизнес және экономика

Құрылыс материалдары заводы мемлекеттік қолдауға ие


 

Күннің екінші жартысында республикалық кәсіпкерлікті дамыту комитетінің өкілдері Петропавл құрылыс материалдары зауытында болып, цех жұмысымен танысты.

Бақытжан Сәркеев, ҚР ЭДСМ Кәсіпкерлікті дамыту комитеті төрағасының орынбасары:

-Біз бүгін кәсіпорын жұмысымен таныстық. Цехта шығарылатын құрылыс материалдарының сапасын көрдік. Бұл кәсіпорын 44 млн. теңге көлемінде субсидия алған, сонымен қатар инженерлік инфрақұрылым желісін тартуға қолдау көрсетілді.  

Петропавл құрылыс материалдары зауыты «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік әлеуетін арттыру» және «Жаңа бизнес бастамаларын қолдау» бағыттары бойынша қарқынды жұмыс атқарып келеді. Алдағы уақытта алынған қаржыға 90-нан 1200 миллиметрге дейін жететін полиэтилен құбырларын шығаратын 4 жаңа желі ашылады деп күтілуде.

 Илья Тонков, “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС директоры:

– Желі жақын арада зауытқа келіп түседі. Содан кейін 10 күннің ішінде бұл жабдықтарды орнатамыз. Маусым айының басында 4 желі толығымен жұмыс істейді деп күтілуде. Бұған арналған орын да дайын.

Петропавл құрылыс материалдары зауытының өз қаржысы есебінен 90 млн теңгенің жаңа құрал-жабдықтары сатып алынды.

Әсел Күшенғалиева