Қоғам

Отан қорғау – азаматтың борышы


 

Болат Ережепов Ауған соғысында қаза тапқандардың құрметіне тұрғызылған ескерткіштің маңайына жиі келеді. 1983 жылы әскерге шақыртылған бозбала Ауғанстан жерінде тұрған 191 мото-атқыштар полкының қатарына қабылданады. Дәл сол уақытта ол жерде кескілескен ұрыстар жүріп жатқан болатын. 
Болат Ережепов:
– Биыл Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына 20 жыл. Мен үшін бұл өте маңызды күн. Біз соғысты көрдік. Біздің көргенімізді жастар көрмесін. Елімізде тек бейбітшілік болсын. Барлығын мерекемен құттықтаймын.

 Интернационалдық борышын орындау кезінде бірнеше әскери операцияларға қатысқан. Олардың бірінде бастан-аяқ қаруланған душмандардың оғы астында қалған бригадасын жау қоршауынан алып шығыпты.

Болат Ережепов:
– Экипажымыз минада жарылып, жүргізуші жүре алмай қалды. Басшымыз кім жүргізе біледі деді. Мен білемін дедім. Ұрыс алаңынан машинаны шығардым. Маған ол енді жүргізуші боласың деді. Әскерде 2 жыл жүргенде 2 рет минада жарылдым. Бүгінге дейін жүргізуші болып жүрмін.

Елге аман оралған Болат Ережепов әскери БТР техникасын қызметтік жеңіл көлікке ауыстырды. Бүгінде ол қаржы полициясында жүргізуші болып жұмыс істейді.

Болат Көпеев, экономикалық қылмыстарға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бөлім бастығы:
-Болат Қайролаұлы бізде соңғы 5 жыл бойы қызмет етіп келеді. Жұмысында жауапты, жаңадан келген жүргізушілерге ақыл-кеңесін аямайды. Қашанда көмекке келуге әзір. Адамгершілік қасиеті мол. Департаменттің құрметті қызметкері.   

Әскери тапсырмаларды бұлжытпай орындап отырған Болат Қайролаұлы 7 бірдей кеуде белгісімен марапатталды. Олардың бірі “Ерлігі үшін”  медалі.  

 

Жеңіс Ермұқанов