Билік

«Қолжетімді баспана-2020»


 

Биыл елімізде 450 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарлануда. «Қолжетімді баспана- 2020» бағдарламасы осыны көздеп отыр. Бұл жоба барлығы 7 бағыт бойынша жүзеге асырылмақ. Отырыста осы бағыттардың тиімділігі мен баспананы сапалы, жылдам әрі қолжетімді бағамен салу мәселелері тағы бір мәрте пысықталды. Әсіресе, жас жанұяларға ерекше көңіл бөлінбек. Жергілікті бюджеттен бұл бағдарламаға көрсетілетін қолдау үлесі 10 пайыздан кем болмауы тиіс. Бұл жобаның кең қарқынмен жүзеге асырылуына жол ашпақ. Сондай-ақ құрылыста сапалы материалдарды қолдануға да баса көңіл бөлінбек. Алдағы 2 жылда елімізде 3 цемент зауыты бой көтереді деп күтілуде. Сондықтан оның қоры жеткілікті болмақ. Дегенмен шыны мен үй құрылысына қажетті кеспетастың жағдайы басқаша. Сондықтан облыс әкімдеріне шетелдік компаниялармен келісімшарт жасау ұсынылды. Басты талап – өнімнің сапасына қойылмақ. «Қолжетімді баспана-2020 » бағдарламасы аясында біздің өңірге 1 млрд 100 млн теңге бөлініп отыр. Облыс орталығымен қатар Мамлют, Тимирязев және Тайынша аудандарының тұрғындары да бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болмақ.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй құрылысына 440 млн теңге бағытталмақ. «Береке» ықшам ауданында мұндай көпқабатты 2 баспана салынатын болады. «Жас жанұя» бағдарламасына 660 млн теңге бөлініп отыр. Тұрғын үйлердің инженерлік желілерін салу да қарастырылған.  

Инеш Шоқақова