Қоғам

Кітапханада ардагерлерге құрмет көрсетілді



 

Соғыс басталысымен Қазақстанда ондаған дивизия, бригадалар мен жеке бөлімдер құрыла бастады. Өңірімізден соғыстың алғашқы жылдары 70000-ға жуық жауынгер Қызыл Армия қатарына алынған. Бүгін облыстық кітапханаға жиналған жерлестеріміз соғыс ардагерлерінің Отан қорғаудағы ерен еңбектерін сөз етті.

Марина Маликова, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың «Книга без границ» оқу орталығының жетекшісі:
– Бұл шараның мақсаты – жастарды әскери-патриоттық тақырыпта жазылған кітаптарды оқуға тарту. Бүгін бір ай бойы өткізілген шаралардың қорытындысы ретінде жауынгерлік рухты еске алуға арналған кеш өткізіп отырмыз.

Ұлы Жеңісті жақындатуға сол алапат күндерді бастан кешкен әрбір адам өзінше үлес қосқан. Майданғ алынған ер-азаматтардың ауыр жұмысын ауылдарда қалған жас балалар атқарды. Бүгінде 85-ке келген еңбек ардагері Ожан Қали соғыс басталғанда не бары 17 жаста екен.

Ожан Қали, еңбек ардагері:
– Соғыс уақытында мен тылда істедім. Соқамен  жер жырттық, егін салдық. Шөп дайындадық колхозға. Міне, бес жылымыз осылай өтті. Жастарға айтатыным, аталарының, әкелерінің көрген қорлығын көрмесін. Бірақ тәжірибесін үйренсін.

Кеш барысында жас ұрпаққа алапат соғыс жылдары жан аямаған жауынгерлер мен еңбек ардагерлерінің өршіл ерліктері баян етілді. Сонымен қатар, жыл сайын өңірімізден «Еске алу» вахтасына қатысатын іздеушілер тобының Новгород облысында жүргізген қазба жұмыстары жайлы фильм көрсетілді. Қаланың шығармашылық ұжымдары әзірлеп әкелген әндер кештің мерекелік ажарын аша түсті. Шараға орай  “Соғыс жайлы естелік біздің жүрегіміз бен кітап бетінде” деген атпен кітаптар көрмесі де ашылған.

Әспет Әбдірешова