Мәдениет

Дәмеш Құрманкинаның жеке концерті

 

Кеш шымылдығын Дәмеш Құрманкина белгілі сазгер,  домбырашы Шәміл Әбілтаевтың «Ғабең сөзі» әнімен ашты. Бұл туынды сөз зергері Ғабит Мүсіреповке арналған екен. Ал Ғабең оны Дамеш Құрманкинаның орындауын жөн көріп, өлеңнің нотасы мен сөзін оған өз қолымен тапсырыпты. Өнер жолына келуімде мен алдымен жерлес жазушыға қарыздармын дейді ол.

Дәмеш Құрманкина,  СҚО филармониясының солисі: Мені тәрбиелеген, мені өнерге алып келген Ғабең еді. Сондықтан, мен әнші болып сахнада жүргендіктен, жай қалғым келген жоқ. Осы концертті жарты жылдай дайындадым.

Өмірін музыкаға арнаған Дәмеш Құрманкина қазіргі таңда облыстық филармонияның солисі, сонымен қатар, ол жас дарындарды дайындайтын өнер студиясының жетекшісі. Әншінің репертуарына қазіргі әндермен қатар классикалық туындылар, халық әндері кірген. Кеште анасын қолдау үшін қызы Данара Шаймарданова келіпті. Ол өмірлік мамандығын басқа салада таңдаса да, бос уақытында ән айтумен айналысады екен.

Данара Шаймарданова: 

Журналист мамандығын таңдасам да, ән айту маған ұнайды.  Алдағы уақытта мүмкін әншілік өнерді де жалғастырып қалармын.

Дәмеш Құрманкинаның жеке ән кешінде өңіріміздің бірталай жас дарындары – «Томирис» сән театры, «Движение» және «Фул Экшен» би ансамбльдері де қатысты. Бұл көріністердің барлығы жиналған қауымның көңілінен шықты. Олар кештен жақсы әсер алғандарын жасырмады.

Концерт өте жақсы өтіп жатыр. Көңілдегідей. Бағы үстем болып, одан әрі өсе берсін.
Концерт жақсы өтті. Осындай кештер алдағы уақытта да бола берсін.

Әсел Күшенғалиева