Білім

Бірінші гимназияның мерейтойы

 

 

1964 жылы кірпіші қаланған бұл білім ордасы алғашында №35 физика-математикалық мектеп болып құрылған. Ал гимназия атауына 2002 жылы ие болған. Осы жылдар ішінде білім ошағынан болашағынан зор үміт күттіретін талай ұл мен қыз түлеп ұшқан. Биыл мектепті 2 оқушы “Алтын белгіге”, 9-ы – ерекше үлгідегі аттестатқа аяқтайды дейді ұстаздар. Осы білім ордасын 2010 жылы бітірген Асхат Бәкіров бүгінде Назарбаев университетінде мамандық меңгеруде.

Асхат Бәкіров:
Мен Назарбаев университетінде оқып жатырмын. Мектеп қабырғасында алған білімім ЖОО үлкен көмегін тигізуде. Мен математика және экономикадан көптеген олимпиадаларға қатысып тұрдым. Қазір оның жемісін көрудемін.  

20 жылдық тарихы бар гимназияда білім алғандардың бірі – Диана Волкова. Мектепті осыдан 11 жыл бұрын бітірген,  қазір қаржы саласында қызмет етеді.

Диана Волкова:
Мен бұл білім ошағын 2001 жылы бітірдім. Мұғалімдер бізді оқытып, әрдайым бірінші болып жүруге үйретті. Бүгінгі таңда барлығымыз өз орнымызды тауып, мемелекетімізге адал еңбек етудеміз.  

Бүгінгі таңда Бірінші гимназияда 739 оқушы білім алуда. Оларға 99 мұғалім сабақ береді. Оның 58-і жоғары білімді. Мұғалімдердің дені Қазақстанда ғана емес, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей мемлекеттерінде білімдерін жоғарылатып қайтқан.

Татьяна Шацкая, Бірінші гимназия директорының  оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Бұл оқу ошағы алғашқыда №35 физика-математикалық мектеп атауымен бүкіл елге танымал болған. 90-шы жылдары Кеңес Одағы ыдырай бастағанда біздің мектеп те қиын кезеңдерді басынан өткізді. Осы гимназияны бітірген көптеген оқушылар мұғалімдердің үмітін ақтады. Біз оларды мақтан тұтамыз.

Оқу ордасында 70-ке жуық үйірме жұмыс істейді. Мерейтойда білім шаңырағының белсенді ұстаздары грамоталар мен алғыс хаттарға ие болды.

Гүлбану Ахметова