Мәдениет

Авторлық әндер фестивалі

 

 

 
Бұл фестиваль облыс орталығында осымен 18-ші рет ұйымдастырылды. Байқауға қатысуға Қазақстан мен Ресейдің 70-ке жуық әншісі өтініш берген. Сыннан тек 37 сайыскер өте алды.

Аида Туртаева, СҚО «Союз Автор» шығармашылық бірлестігінің жеткешісі:
Бұл халықаралық фестиваль дәстүрге айналған. Және оған тек біздің елдің ғана емес Татарстан, Ресейдің өнерпаздары қатысуға өтініш білдіріп тұрады. Жыл сайын әр түрлі ұранмен өтеді. Бұл жолғысы “Өз ноталарыңды жүрегіңмен орында” деп аталады.

Жас орындаушылардың өнерін Мәскеуден келген музыкант Павел Фахртдинов бағалап, тәнті болды. Ол біздің өңірімізге алғаш рет келген екен.

Павел Фахртдинов, қазылар алқасының мүшесі, Мәскеу қаласы:
Фестивальде балалар бар шығармашылық дарындарын таныта алды. Өздері өлең жазып, оны орындайды. Мен Мәскеуде көптеген фестивальдерде болдым. Бірақ осы шара меніңше жоғарғы дәрежеде өтіп жатыр.

Фестивальде өз бағын қарағандылық Вадим Ким де сынап көрді. Вадим гитарамен ән айтуға 13 жасынан ден қоя бастапты. Петропавлда фестиваль өтеді дегенді естіген ол қатысуды жөн санапты.

Вадим Ким, байқауға қатысушы, Қарағанды қаласы:
Бұл фестивальдің өтетінін кездейсоқ білдім. Сондықтан да еш ойланбастан қатысуды жөн санадым. Бізде мұндай фестивальдер ұйымдастырыла бермейді.  

 Жас өнерпаздың басын қосқан халықаралық фестиваль ерлі-зайыпты музыканттар Юрий және Надежда Ткаченколарды еске алу құрметіне өтті. Бұл байқау келесі жылы да жалғасын таппақ.

Гүлбану Ахметова