Сәуірдің 28-і – Халықаралық еңбек қорғау күні

Қоғам

16:15 27 Сәуір 2012



Әлемде жыл сайын 300 млн.-ға жуық жазатайым оқиғалар тіркеледі. Оның салдарынан түрлі өндіріс орындарында 2 млн.-нан астам адам қайтыс болады екен. 2011 жылы өңір кәсіпорындарында 64 бақытсыз жағдай орын алған. Тоғыз адам қайтыс болып, 66 азамат жарақаттанған. Еңбек инспекторлары көп жағдайда жұмыс берушілер техникалық қауіпсіздік шараларына жөнді көңіл бөлмейді дейді. Бұның арты соқпақты болып жатады. Еңбек адамын қорғау аса маңызды. Сондықтан бүгінгі жиынға кәсіпорын басшылары мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, еңбек инспекторлары жиылып, қауіпсіздік шараларын күшейту бағытындағы ойларымен бөлісті.
Айталық өткен жылы «Петропавл су» АҚ 4 қызметкері техникалық қауіпсіздікті сақтамағаннан ауыр жарақат алған.

Қабжан Елемесов, «Петропавл-су» АҚ техникалық қауіпсіздігі жөніндегі жетекшісі:
– Осы еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөнінде көптеген шаралар жүргізілуде. Биыл қауіпсіздік жөнінде декларация қабылдап, ол декларация бойынша тиісті органдарда экспертиза өткіздік. АҚ 600-ден астам адам жұмыс істейді. АҚ міндеті халықты сумен қамтамасыз ету.

2011 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың 866 кәсіпорынын тексерген. Нәтижесінде 2703 еңбек заңын бұзу фактісі тіркеген. Мұндай олқылыққа жол берген 1204 адам әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 42 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Андрей Рудаков, “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ бөлім бастығы:
-Біздің өндіріс орнында жыл сайын тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Барлық жұмысшылар аттестациялаудан өтіп тұрады. Күн сайын қызметкерлердің жұмыс орындарын бақылап отырамыз. Соның арқасында оқыс жағдайлар тіркелген жоқ.

Жиын соңында облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің басшылығы бірқатар зауыт пен өндіріс мекемелерін “Жылдың үздік қауіпсіз кәсіпорны”, “Үздік еңбекті қорғау қызметі”, “Үздік еңбекті қорғау инженері” аталымдары бойынша марапаттады. Ерекше қошеметке негізінен өңіріміздің ірі мекемелері бөленді.

Гүлбану Ахметова

Бұдан әрі оқыңыз

Ұшақ билетінің бағасы арзандайды
“iKomekтің” көмегіне 3 мыңға жуық адам жүгінген
“Салауатты мектеп” жобасы жүзеге асырылып жатыр
Қалалық жатақханаларда рейд өткізілуде
Қаңтардың 27-сі – Холокост құрбандарын еске алу күні
17 кәсіпорынға индустриялдық сертификат берілді
314-шы атқыштар дивизиясының жауынгерлерін еске алу
Облыстық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Қазақ тілінің өрісін кеңейту
Жазасын өтеп шыққандарға жасалып жатқан жағдай
ЕС-164\3 мекемесінде шығармашылық секция ашылды
Ғимараттардың төбелерінде мұз сүңгілер пайда бола бастады