Қоғам

Көктемгі әскерге шақыру



 

 Республикалық Ұланға жоғары немесе орта білімді, денсаулығы мықты, денесі шымыр, келбетті бозбалалар ғана қабылданады. Енді бір қойылатын талап жігіттердің бойы 175сантиметрден кем болмауы тиіс. Бұл талаптарға сай келетін Дархан Макимов әскери борышын республикалық ұлан сапында өтемек.

Дархан Макимов, әскер қатарына алынушы:
– Мен өз азаматтық борышымды өтеуге бара жатырмын. Ата -бабаларымыз найзаның ұшымен, біліктің күшімен туған жерді қорғады. Біз сол талаптарға сай болуымыз керек.

Алдияр Әлімбаев өзінің болашағын әскери саламен байланыстырғысы келеді. Бозбала барлық сындардан өтіп, әскерге алынды. Ол отан алдындағы борышын өтегеннен кейін, сол салада еңбек етуге қаламын дейді.

Алдияр Әлімбаев, әскер қатарына алынушы:
-Астана қаласына аэроұтқыр әскерлер қатарына аттанғалы отырмыз. Өзімнің ойым Отан алдындағы борышымды атқарып, әрі қарай әскер қатарында қалу.  

ҚР Қарулы күштері қатары биыл 900-ге жуық солтүстікқазақстандықпен толықпақ.

Ғабит Абауов, Республикалық Ұлан өкілі:
-Солтүстік Қазақстанға келіп, жігіттерді іріктеп жатырмыз. Республикалық Ұланға 15 адам кетіп бара жатыр. Түр- әлпетінен басқа медициналық жағынан өтпей қалуы мүмкін. Көбіне осыған қарайды.

Бүгінгі салтанатқа жиналған жұрт әскерге кетіп бара жатқан жастарға сәт-сапар тіледі.

Гүлбану Ахметова