Білім

Тілдерді үйрету балабақшадан басталуы керек



 

Бұл «Туристік агенттік» тақырыбында өтіп жатқан ағылшын тілінің сабағы. Балалар ағылшын әрпін танып, өздігінше санауды да жетік меңгеріп алған.
2010 жылы бұл бөбекжай-бақша  өз оқу бағдарламасына 3 тілді тереңдетіп оқыту әдісін енгізген. Бұл тәжірибе ретінде тек «Айгөлек» балабақшасында ғана жүзеге асырылып келеді екен. Оқытушылар ұжымы келесі жылы жобаның нәтижесін шығаруды көздеп отыр. Егер осы әдістің тиімділігіне көз жетсе, онда өзге балабақшалардың оқу бағдарламасына енгізуді ұсынбақ.

Айгүл Сақыпкереева, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының директоры:
– Біздің мұғалімдер өздері оқу құралдарын шығарып, солар бойынша қазір жұмыс істеп жатыр, ендігі жылы эксперимент бітеді. Біткеннен кейін біз нәтижені көріп айтамыз: бұл құралдарды басқа балабақшаларға ұсынамыз ба, ұсынбаймыз ба.

Дәстүрлі қалалық семинарға 45 тыңдаушы жиылды. Олардың барлығы «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы мұғалімдерінің сабақтарын мұқият бақылап отыр. Қажетті тұстарын өздеріне түртіп алуда. Білім саласында 17 жыл еңбек еткен Гүлжан Ілиясова балабақша ұжымының бұл жұмысына оң бағасын берді

 Гүлжан Ілиясова, «Ақбота» балабақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі:
-Әріптестердің берген семинарлары өте ұнады. Балалар қазақ тілін терең меңгеріп жатыр. Сонымен қатар ағылшын тілі сабағына қатысып отырмыз. Балалар шет тілін жақсы меңгерген екен. Осындай әр-түрлі семинарлар қалада жыл сайын өткізіліп жатқандықтан, өзіме керек ақпаратты осы семинарларда аламыз.  

Ал мына жерде балдырғандар қонақтарына «Қара жорға» биін көрсету үшін дайындалуда.”Айгөлек” бөбекжай-бақшасында 2-7 жас аралығындағы 340 балақай тәрбиеленуде.

– Сабақ оқимын, сурет саламын. Балабақша ұнайды маған. Енді тақпақ айтамын:”Абай туған, Сәкен туған, құрметті достым, қазақтың жері. Ат қойған Қазақстан Республикам менің!”
– Біз сабақ оқимыз, ойнаймыз, «Қара жорға» билейміз, сурет саламыз, ән айтамыз. Менің достарым көп.

Айдана Демесінова