Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Жасыл экономикаға» ауысу стратегиясы

 

 

Экологиялық және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері – бүгінгі таңдағы ең ауқымды әрі маңыздылығы өте жоғары, кезек күттірмейтін жаһандық күрделі проблемаға айналып отыр. Энергетикалық және экологиялық қауіпсіз әлемді қалыптастыру мәселелерінен қазақ елі шет қалмақ емес. Мемлекет басшысының бастамасымен ХХІ ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы әзірленді. Экология, экономика және энергетика. Әлем елдері алдағы уақытта осы үш бағыттың тепе-теңдігін қамтамасыз етуі керек. Яғни, тек энергияны теңгерімді пайдаланудың бірлескен жолын даярлағанда ғана әлемдік қауымдастық жаһандық экологиялық қауіпсіздіктің негізін құра алады. Ғаламдық энергоэкологиялық стратегияда осы мәселе айқындалған. Ең бастысы – экономика мен энергетиканы дамыта отырып, экологиялық қауіпсіздікті қалыс қалдырмау қажет. Мемлекет басшысының бастамасымен дайындалған бұл стратегия алдағы маусым айында Бразилияда өтетін БҰҰ-ның «Рио+20» конференциясында қаралатын басты құжаттың бірі.

Анатолий Спицын, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы:
-Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық мәселелер төңірегінде келелі ой қозғайтын үздік көшбасшылардың бірі. Бұл 25 әлем елдері ғалымдарының жасап отырған тұжырымы. Бұған Президенттің ХХІ ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы айқын дәлел. Қазақстан бастамасының бүгінгі күні маңызы айырықша. Құжатты жоғары білікті мамандар мен академиктер жоғары бағалады.

БҰҰ-ның конференциясында тағы бір қазақстандық бастама – “Жасыл көпір” бағдарламасы да талқыға түспек. Бұл өңіраралық жоба ғаламдық энергоэкологиялық стратегияны жүзеге асырудың алғашқы кезеңі болады деп көзделген.

Фархад Қуанғанов, облыс әкімінің орынбасары:
– Астана қаласында 2010 жылы өткен Қоршаған орта және даму  министрлерінің 6-шы Конференциясында Азия және Тынық мұхит мемлекеттері «Жасыл көпір» серіктестік идеясын қолдады. 2011-2020 жылдарға арналған «Жасыл көпір» бағдарламасының басты мақсаты – «жасылбизнеспен » серіктестікті дамытып, «жасыл» технологиялар мен инвестицияларды енгізу үшін жағдай жасау болып табылады.  

Кездесуде студенттер баяндамашыларға өз сауалдарын қойды.

Айымгүл Әбілева