Мәдениет

«Халықтарды біріктірген ел»

Қозыбай Әбдірахманов – ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, 9 немере сүйіп отырған ақылгөй қария. 3 жыл Отан алдындағы борышын атқарғаннан кейін, мемлекеттік сақтандыру саласында жұмыс атқарған. Жастардың бүгінгі тірлігіне риза.

 

Қозыбай Әдірахманов, зейнеткер:

-Қазіргі кездің жастары қалай деп айтып айтса да, үлгілі. Өзімнің байқағаным, автобусқа кірсең, орын беріп жатады. Бұның өзі, сыйластықтың бір түрі. Ал бүгінгі кештің маңыздылығы- өсіп келе жатқан жастарға үлкен тәрбие береді.

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері татулықта өмір сүруде. Республикамызда тұратын халықтардың рухани мұрасы бірегей. Әрбір мәдениет, тіл -тұтас әлем.

Валентина Шидловская, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың бас кітапханашысы:

-1 мамыр достық мерекесі жақындап келеді. Осы мейрам арқылы біз өзіміздің баға жетпес байлығымыз – бауырластық достығымызды, жалпыұлттық келісімімізді көрсете аламыз. Мәдениеттердің мұндай толысуы, рухани бірлік идеясын қалыптастыруға, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етеді.

Кеш барысында көрермендерге өнер колледжінің студенттері қазақ, түрік халықтарының әуендерін орындап, ақиық ақындардың өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Кеш соңында ұйымдастырушылар қарияларға ел үшін еткен еңбектері үшін ризалықтарын білдіріп, алғыс хат табыс етті.

Әсел Күшенғалиева