Мәдениет

Достық фестивалі



 

Елімізді мекендейтін халықтардың ұлттық билері мен әндері, мәдени, әдеби мұраларының көрінісі бір сахнада  тоғысты. №17 ұлтық өркендеу мектебінің шәкірттері Қазақстан халқының достығы күніне орай мерекелік бағдарлама ұсынды.

 – Барлықтарын халықтар достығы күнімен құттықтаймын, біздің көпұлтты елімізге бірлік пен гүлдену тілеймін.
– Бір кездері бауырмал қазақ елі қоныстанушыларды құшақ жая қарсы алды. Олардың арасындағы бүгінге дейін бұзылмаған достықты біз көздің қарашығындай сақтап жалғауымыз керек.

Қазақстанның басты қазынасы – бірлігі жарасқан халық. №17 ұлттық өркендеу мектебі еліміздегі халықтар достығының айнасы іспеттес алтын шаңыраққа айналған. Білім ордасының іргесі 1991 жылы қаланып, тәуелсіздікпен қатар дамып келеді.

Зулейха Бикметова, №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің мұалімі:
-Біздің оқушылар бұл мектепте тату тұрады. Салт-дәстүрлерді үйренеміз. Әр оқушы өз тілін білетініне өте қуаныштымын.

Қазір мұнда 20 ұлттың өкілдері – 200-ден астам шәкірт білім алып жүр. Ұлттық дәстүрді жандандыруға бағытталған оқу кешенінде «өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте» деген нақылды берік ұстанады.

Ләззат Аяпбергенова, татар сыныбының оқушысы:
– Қазақ елі – көпұлтты мемлекет. Халықтар достығын осы мектептен көруге болады. Мұнда маан туған тілімді, салтымды үйренуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар мен қазақ тілін оқимын.  

Ортақ мерекеге орай мектеп ұжымы оқушыларын отансүйгіштікке баулитын өзге де танымдық игі шаралар ұйымдастыруды көздеп отыр.

Жеңіс Ермұқанов