Мәдениет

Әскери плакаттар көрмесі

 

 

Ұлы Отан соғысы басталған кезде жауынгерлер қарумен жауға шапса, қолына қарындаш алған азаматтар өз туындылары арқылы жеңіске ұмтылған кеңес жауынгерлеріне рух сыйлады. Ерлердің жеңіске деген сенімін арттырды. Осы кездері пайда болған плакаттардың 100-ден астамы біздің облыстық өлкетану мұражайында сақталған. Ал көрмеге олардың 24-і қойылыпты.

Вера Андреева, СҚО тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері:
Д. Моор, В. Дени, И.Тоидзе сияқты суретшілер өз туындылары арқылы жауынгерлердің жеңіске деген сенімін арттыруға тырысты. Сол жылдары мұндай плакаттарды окоптарда, барлық мекемелерде, госпитальдарда кездестіруге болатын.

Зауыт цехтарында, егіс алқаптарында майданға кеткен ер адамдарды әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Осындай плакаттар тыл батырларының ерліктерін де мадақтап отырды. Көрмеге қойылған кейбір шығармалар  осы мазмұнда жазылды. Әр плакаттың өзінің пайда болу тарихы бар.

Вера Андреева, СҚО тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері:
Алдарыңызда тұрған атақты “Отан-ана шақырады” плакаты соғыс басталғаннан кейін үшінші күні пайда болды. Оны Иракли Таидзе жазған болатын. Жазушының жары соғыстың басталғанын естігенде бөлмеге “Соғыс!” деп айқайлап кірген екен. Жұбайының бұл кейпін ол қағазға түсіріп, осындай жазу жазған екен. Жарының бұл кейпін суретші 1943 жылы да пайдаланып, “Отан-ана үшін” плакатын дүниеге әкелді.

Соғыс жылдары жауынгерлерімізге қуаныш сыйлаған – жанұясынан келген хаттар болатын. Мұражай қонақтары сол жылдардағы хаттармен де танысты.

Лилия Федоряка,  №8 орта мектеп оқушысы:
Көрме көңілімнен шықты. Әсіресе “Батысқа” плакаты ұнады. Өйткені ол жауынгерлерді жеңіске шақырады. Сондай-ақ майдандағы ерлерге жіберілген хаттар мен сәлемдемелер туралы көп мағлұмат алдым.
Милана Михайлиди
, №8 орта мектеп оқушысы:
Көрмеде көптеген тарихи деректермен таныстық. “Қызыл армия жауынгері, құтқар!” плакаты ұнады. Майдандағы ерлерге, олардың жанұяларына қалай қиын болғанын білдік.

Айдана Демесінова