ТКШ

«Қазақтелеком» мамыр айынан бастап жаңа тариф енгізеді

 

Жыл басынан түрлі коммуналдық қызметтердің тарифі өсті. Бұл үрдістен “Қазақтелеком” АҚ қалыспады. Мамыр айының бірінші күнінен телефон байланысы үшін абаненттік төлем 20 пайызға көтерілетін болады.

Любовь Маслова, “Қазахтелеком” АҚ СҚ ОТД коммерциялық директорының міндетін атқарушы:
Жеке тұлғалар үшін қала бойынша 698 теңгеден 838 теңгеге дейін өсті. Ауыл тұрғындары бұрынғы 464 теңгенің орнына 556 теңге төлейтін болады.   

Заңды тұлғалардың айлық төлемі де соншаға өсті. Жеке іс иелері енді бір нөмір үшін 800 емес, 1003 теңге беретін болады. Тұрғындар бұл жаңалықты аса қуанышпен қабылдай қойған жоқ.

 – Қымбаттағаны маған өте ауыр болып тұр. Мүгедектік бойынша зейнеткерлікте жүрмін. Не дәріге, не тамаққа жеткізе алмай жүрмін. Автобуспен жүрмей, тиын-тебенді үнемдеймін.
Телефон тарифінің қымбаттауы біздей студенттерге қиын. Бізге бір жеңілдіктер көрсетілсе. Қымбаттаған ақшаға сапасын дұрыстап сымдарын жөндесе жақсы болар еді.
300 теңге біздің пенсиямызға қарағанда өте көп. Одан азырақ көтерсе риза болар едік. Ол ақшаға қызметкерлерінің жалақысын көтерсе оларға да жұмысқа ынта беретін сияқты. Екі жақты да қарау керек.

Әйтеуір байланыстың өзге түрлері үшін төлемдер өзгермепті.

Любовь Маслова, “Қазақтелеком” АҚ СҚ ОТД коммерциялық директорының міндетін атқарушы:
Қалааралық, халықаралық қоңыраулардың құны сол күйі қалды. Телефон орнатудың құны да өзгерген жоқ.  

Есесіне кең жолақты ғаламтор бағасы біршама төмендетіліп, сапасы мен жылдамдығы артты дейді мамандар.

Жеңіс Ермұқанов