Спорт

9 мың шақырымдық саяхат


 

Осыдан 25 күн бұрын Дон Дон Қытайдың Үрімжі қаласынан шығыпты. Қытай шекарасынан асуға ол 6 күнін кетірген. Біздің өңірге келгенге дейін Дон Алматы, Астана қалаларында және Бурабайда болған екен. Бурабай табиғатының әсемдігімен ұнапты. Бұл жердің 2 тұрғынның қонақжайлылығы ерекше есте қалды дейді саяхатшы. 25 жастағы жігіт осылайша Лондонға жетуді көздеп отыр. Ондағы мақсаты – бұл қалада өтетін Олимпиадаға қатысатын қытайлық спортшыларға қолдау көрсету. Ал Англияға жетудің мұндай ерекше жолын таңдауына өз себебі бар.

  Дон Дон, қытайлық саяхатшы:
-Мен Франциядан Пекинде өткен олимпиадаға велосипедпен келген адам туралы естіген едім. Сондықтан да оның ерлігін қайталауға бел буып, жолға шықтым. Олимпиаданы өз көзіммен көріп, спортшыларымызды қолдағым келді.

Дон естелік үшін саяхат барысында танысқан адамдарды видеоға және фотоға түсіреді екен. Аз уақыт ішінде қытайлық азамат бірқатар жерлестерімізбен достасып үлгерді. Солардың бірі Владислав Попов.

Владислав Попов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
– Жақсы, жуас жігіт. Тез достасып алдық. Телефон нөмірімен алмастық. Алдағы уақытта араласамыз деп ойлаймын.

2008 жылы Айткен Бәкетайұлы да осылай велосипедпен 26 күн жол жүріп, Тарбағатайдан Бейжіңге дейін жеткен. Ал Дон өзінің бұл саяхатында 9 мың км-ге жуық жолды бағындырмақ. Қытай елі азаматының ендігі аялдамасы Ресейдің Қорған облысы болмақ.

Айдана Демесінова