Құқық қорғау органдары

Жолдағы тәртіпсіздіктер азаймай отыр



 

Жол сақшылары  көлік нысандарының арасында бір темір тұлпар иесінің рөлде сенімсіз отырғанынан күдіктеніп, тоқтатты. Күдік расталып наркологиялық орталықтағы сараптама жүргізушінің есірткі қабылдағанын растады. Көп кешікпей тоқтатылған енді бір жүргізушіні де нарколог дәрігердің қарауына жіберуге тура келді. Медициналық тексеріс оның героин қабылдағанын көрсетті. Қос сезікті бұл   әрекеттері үшін заң алдында жауап беретін болады.

Сергей Ильченко, СҚО ІІД ЖПБ инспекторы:

-Бұл фактілер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 467- бабының 1-тармағы бойынша хаттама толтырылды. Енді күдіктілер екі жылға жүргізуші куәлігінен айрылатын болады. Көліктері айып тұрағына қойылды.  

Жалпы алдын алу шарасының үш күнінде ғана өңірде жолда жүру ережесін елемеудің 743 фактісі тіркелді. 54 көлік иесі рөлге мас күйінде отырған. 76 жаяу жүргіншіге жолды белгіленбеген жерде кесіп өткендігі үшін хаттама толтырылды. Жылдамдықты шамадан тыс асырған 100 жүргізуші ұсталды.

Жеңіс Ермұқанов