Қайырымдылық

Жетімдерді жебеген мереке

25 бүлдіршіннің басы қосылған концертте қазақ, түрік халықтарының ұлттық билері биленді. 9-12 жас аралығындағы балдырғандар ойын ойнап, ұлттық тағамдардан дәм татты. Бүлдіршіндер сыйлықтарға да ие болды.

Идрис Картал, “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

 

– Біз балалар үйінің бүлдіршіндерін шақырдық. Себебі ата-анасынан айырылған балдырғандарға қуаныш пен шаттық сыйлағымыз келді. Және дем алып қайтулары үшін барлық жағдайды жасадық.

Бұл шараға Софья Писалева ерекше дайындалыпты. Ол Түркия елі туралы деректі фильм көріп, одан алған әсерін қағаз бетіне түсіріпті.

Софья Писалева, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушісі:

– Мен бұл жерге келер алдында суреттер, фильмдер көрдім. Түркияда үлкен жағажай бар, маған Стамбул қаласындағы аспалы көпір ұнады.

Жылда өткізілетін қамқорлық іс-шара барысында балалар үлкен 2 торттан дәм татып, бірлестікке өз алғыстарын білдірді.

-Мен мұнда бірінші рет келіп отырған жоқпын. Бұл жерде бізді қуанышпен қарсы алады. Жылда балаларға сыйлық сыйлап, қамқорлық көрсетіп отырады.
– Мұнда біз би белдік, ойнадық, ән айттық.

Қазіргі таңда облыс орталығында 70-ке тарта түрік ұлтының өкілдер ынтамақтастықта өмір сүруде.

Әсел Күшенғалиева