Мәдениет

Суірдің 23-і – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні



 

Көрмеге құнды еңбектер қойылған. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарыққа шыққан жүзтомдық «Бабалар сөзі» жинағының саны осы жолы 80-ге жетті. Атап айтар бағалы еңбектердің бірі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңадан шыққан 7 томдық еңбегі. Оқырман қауымның қуанышына әдеби, тарихи кітаптар қатары да молая түскен.

Таңат Сүгірбаев, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі:
– Біз үшін табылмайтын нәрсе – тарихқа байланысты көп кітаптар бар. Ол жалғыз біздің емес, Ресейдің тарихына байланысты, еліміздің тарихына байланысты кітаптар жатыр. Оқушы балаларға көп кітаптар жатыр. Бұл – рухани азық бәрімізге, рухани қазына
.

Жалпы көрмеде түрлі тақырыпты қамтитын ғылыми еңбектер, сөздіктер, энциклопедиялар өте көп. Атақты академиктер Зейнолла Қабдолов, Серік Қирабаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ әдебиеті», «Нобель» сыйлығы лауреаттарының кітаптары мұнда келушілердің қызығушылығын тудырды. Экономика, қаржы тақырыптарындағы кітаптар да көрмеден табылды.

 Толқын Таспаева, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің кітапханашысы:
-Біздің кітапханаға түскен ерекше кітаптарды айтуға болады. Біріншіден, еліміздің Президенті туралы жазылған «Үшқоңыр – алтын бесігім» деген кітап. Яғни оның туған жері, өскен ортасы, сыныптас достары жайлы жазылға кітап. Одан кейін қазақтың кестелер өрнегі туралы кітап, яғни мұнда біздің ұлттық ою-өрнектеріміз, кестелердің түрлері суреттермен көрсетілген.

Барлығы осы айда кітапхана қоры 800-ден астам жаңа әдебиетпен толыққан. Құнды мәлімет пен пайдалы ақпарат іздеген әрбір адам бұл жерден өзіне керегін таба алатыны анық.

– Көрмеде көбінесе қазақ әдебиетіне арналған кітаптар көп. С.Мұқанов атындағы кітапхананың осындай көрмені ұйымдастырғанына өте ризамын.
– Маған ерекше назарыма түскен кітап – ол оқушыларға және ұстаздарға арналған дидактикалық жаңа кітаптар. Онда оқушыларға ҰБТ-ға қажетті құралдарың барлығы бар.

Сонымен қатар, кітапхана қоры мультимедиялық басылымдармен, яғни 25 электрондық оқулықпен толықты.

Әспет Әбдірешова