Әр түрлі

Мергендер сайысы

 

Бұл сында мергендер өз біліктіліктерін көрсетуде. Алдарындағы қауіпті нысанды жою үшін олар жауынгерлік амал-тәсілдердің барлығын қолдануда. Алматылық Олжас Чукаджаевтың қолында Драгунов мергендер мылтығы. Оның бұл қаруды қолына алғанына 4 ай болыпты.

Олжас Чукаджаев, 6637 әскери бөлімнің мергені:

 

Мерген жасырына білуі шарт. Жаудың көзіне түспей, ол жақындап келгенше қозғалмастан жатуы керек. Ал қауіпті нысан жақындағанда оны бір оқпен қағып түсіруі қажет.

Ал гранатометшілерге 3 мүмкіндік беріледі. Олар жырақта дөңгелектерден орнатылған бейнелі танктерді жарады.  

Исатай Жәрдемов, Солтүстік әскери құрылым командирінің орынбасары:

Үздіктер Құрылым командирінің жарлығы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен, бағалы сыйлықтармен, командирлік сағатпен марапатталатын болады. Ал ең бастысы, жауынгерлерге үйлеріне баруға демалыс беріледі.

Сонымен қатар, бөлімге ауыспалы жалау мен 5 командирлік сағат сыйға тартылмақшы. Ал қатардағы сарбаздар ефрейтор атағына ие болады. Оқу-әдістемелік жиынның қорытындысы сәуір айының 21-інде белгілі болады.

Әсел Күшеналиева