Денсаулық сақтау

Иммунизациялау апталығы

 

 

Қызылша, қызамық, туберкулез, вирустық гепатит және полиомелит. Тұрғындар негізінен осы ауруларға қарсы екпе алмақ. Басқа елден келген, тіркеусіз тұратын және тұрақты мекен-жайы жоқ азаматтарға ерекше көңіл бөлінетін болады. Сондай-ақ белгіленген екпелерді алмай қалған тұрғындар да емханаларға асығуы тиіс дейді мамандар.

Юрий Пузиков, санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитетінің СҚО бойынша департаменті бастығының орынбасары:
Мұндай акция елімізде 2007 жылдан бері өткізіледі. Бұл апталықтың арқасында жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі төмендейтіндігін байқадық. Елімізде иммунизация 10 инфекцияға қарсы жүргізіледі. Бұл негізінен балалар жиі шалдығатын дерттер.  

Қауіпті кеселдерден сақтанудың бірден-бір жолы – екпе алу. Сондықтан иммунизациялау апталығы барысында барлық тұрғындарды қамту көзделуде.

Юрий Пузиков, санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау комитетінің СҚО бойынша департаменті бастығының орынбасары:
Иммунизациялау апталығында арнайы мамандардың жұмыс тобы құрылды. Кейбір себептер бойынша егулерден бас тартқандар да бар. Олардың тізімі жасалды. Бұл топпен жұмыс жүргізіп, екпенің қауіпті аурулардан сақтайтындығын түсіндірмекпіз.  

Ал өзге тұрғындар аурулардың алдын алу үшін екпелерден бас тартпақ емес. Өйткені емделгеннен гөрі дер кезінде вакцина алған жөн дейді олар.

Бұл міндетті шара деп ойлаймын. Әсіресе, балаларымыздың денсаулығына алаңдаймыз. Сондықтан осындай шараның өткізілетіндігі қуантады.
Мен мектепте оқығанда егулерді алған болатынмын. Қажет болса, тағы аламын. Бұл дұрыс.  

Шара өңірімізде сәуірдің 21-мен 27-сі аралығында өтпек.

Инеш Шоқақова