Қоғам

Абылайтанудың өзекті мәселелеріне арналған республикалық конференция

 

 

Зарқын Тайшыбай 70 жаста. Профессор Петропавл қаласына арнайы шақыртумен 2000 жылы келді. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де «Журналистика» мамандығын ашуға мұрындық болған. Зарқын Сыздықұлы 12 жылдан бері болашақ журналистердің қаламдарының ұшталуына септесіп келеді. Оның шәкірттері әр салады еңбектеніп жүр.

Руслан Жангулин, ҚР ІІМ ІӘ әскери институтының баспасөз хатшысы:
Бүгінгі күні Зарқын ағайдың барлық тәрбиеленушілері БАҚ-тың барлық салаларында еңбек етуде. Ол кісі біздің аяғымыздан тік тұрып, қазақ журналистикасында еңбек етуімізге септігін тигізді. Солтүстік өңірге келіп, журналистика мамандығын ашқанына барлық түлектер атынан ризашылығымды білдіремін.  

Зарқын Тайшыбай  100-ден астам мақалалардың авторы. Экономика саласында 9 оқулық шығарған. Ол Абай, Абылайтанушы. Қазақ поэзиясының бастауында тұрған ұлы Абайдың бай мұрасын ұрпаққа жеткізу бағытында үлкен жұмыс атқарып жүр. Профессор соңғы 10 жылын Абылайханды зерттеуге арнаған екен. Бүгін қаламгерді құттықтауға келген зиялы қауым «Абылайтанудың өзекті мәселелері» атты конференцияға қатысты.

Бауыржан Жақып, филология ғылымдарының докторы, профессор:
–  Конференция дер кезінде өтіп жатыр деп ойлаймын. Келер жылы Абылайхан бабамыздың 300 жылдығы. Соның қарсаңында университет ұжымы осындай бір ғылыми қауымның басын қосып, ғалымдар келді. Абылайханды зерттеп жүрген санаулы ғалымдар бар, соның бірі Зарқын Сыздықұлы.  

Конференцияға жиналғандар  Абылайхан туралы баяндамаларын оқыды. Және туған күн иесіне құттықтауларын білдіріп, сыйлықтарын табыс етті.

Гүлбану Ахметова