Спорт

Велошабандоз Артем Захаровтың жетістіктері

 

 

 

 

Артем Захаровтың спорттың бұл түрімен айналысып жүргеніне 10 жылдың жүзі болды. Жетістіктері ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Азия және әлем чемпионы атанды. Былтыр сәуір айында Республикамыздың мықты спортшыларынан жасақталған “Астана-Тректим” командасының құрамына алынды.

Артем Захаров, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
– Біздің команда 10 адамнан жасақталған. Спортшыларды білікті бапкер Вадим Кравченко жаттықтырады. Ол Қазақстан және Азияның 7 дүркін чемпионы. Жаттықтырушымыз көп жетістіктерге жеткен.  

Биыл Артем әлемдік додаларда 3 кубокқа ие болған.  Қазақстан, Қытай және Автралияда өткен чемпионаттар Артемның кәсіби шыңдалуына жол салды. “Астана-Тректим” құрамасы Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте 4-ші орынға тұрақтады.

Артем Захаров, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
– Командамызбен күніне 4 рет дайындалдық. Әрине бұл оңай емес. Тәжірибемізді Қырғызстанның Ыстықкөлінде шыңдап қайттық. Сәуірдің 25-сі Алматыға жол жүреміз. Онда Иранда өтетін әлем чемпионатына дайындаламыз.   

Бүгінгі күні олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 283 оқушы білім алады. Артем осы білім ошағының тәрбиеленушісі. Мектеп ұжымы оның болашағынан үлкен үміт күтеді.

Владимир Парахин, олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
– Біздің велоспортшыларымыздың жазға қарай Шымкент қаласында оқу-жаттығу дайындықтары басталады. Былтыр Астанада тректен өткен әлем кубогында біздің спортшылар 2-орынға ие болды. Артем Захаров халықаралық спорт шебері атағына лайық екенін екі рет дәлелдеді. Біздің өңірде спорт дамып келе жатқанын үлкен сеніммен айта аламын.  

Артем Захаровтың жоспарлары көп. Ол ел және әлем чемпионатына дайындалуда. Дода Астана және Иранда өтпек.

Гүлбану Ахметова