Кеден

Сенаторлар облыс кеденшілерімен кездесті

Сенатор Анатолий Башмаков іссапарының бесінші күнінде СҚО бойынша кедендік бақылау департаментіне ат басын тіреді. Бір жылдары осы мекеменің қызметкері болған халық қалаулысы бұрынғы әріптестерін Елбасы Жолдауымен кеңінен таныстырды. Әсіресе бұл саланың қызметкерлеріне қатысты тұстарына баса назар аударды.

Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлерін толығымен құқық қорғау органына жатқызсақ қате болар. Ол әрине бұл салаға да жатады. Сонымен бірге мемлекеттік бюджетті толықтырып отыратын орган деп те айтуға болады. Қызметкерлердің білімімен қатар адамгершілік қасиеттері де болуы керек деп ойлаймын. Сондықтан да Елбасымыз биылғы жолдауында тәрбиеге аса мән беріп отыр.

Мәжіліс залына жиылған кеденшілер депутатқа өз сауалдарын жолдай алды. Қаланы абаттандыру, жаңа инвестициялық жобалар, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына қатысты қойылған сұрақтардың  көп болды.

-Өткен жылы қабылданған заңнан кедендік бақылау қызметкерлерін әлеуметтік қамту тармағы алынып тасталды. Оны қайта енгізу мәселесі қарастырылып жатыр ма?   

Департамент басшылығы тарапынан Парламентке осындай ұсыныс түссе, депутат мұны қолдайтындығын айтты. Сондай-ақ сенатор жолдауда жүктелген міндеттер облысымызда кешенді түрде жүзеге асырылып келе жатқандығын атап өтті.
Департаменттің жаңа басшысы Әлібек Картов уақытын бөліп келген депутатқа алғысын білдірді.

Айдана Демесінова