Мәдениет

“Кестелі, көркем сөзбен аты мәлім”

 

Сафуан Шаймерденовтың шығармашылық мұрасы әдетбиетіміздің алтын сандығынан орын алған. Оның   еңбектері  қалың оқырманның жүрегіне бірден жол тапқан. Сафуан Шаймерденовтің   шығармалары негізінен жастар  өміріне

арналыпты.

Қайролла Мұқанов, «Асыл мұра» орталығының қызметкері:
Ол өзі университеттте оқып жүрген кезінде, 5 жылдың ішінде жастар, студенттер туралы көп материалдар жинаған. «Болашаққа жол» деген романды бастайды.  

Сафуан Шаймерденов проза, драма жанрымен қатар аудармашылыққа да жақын болған. Лев Толстой мен Рабиндранат Тагордың шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен. «Инеш», «Ағалардың алақаны» романдары, “Мезгіл”, “Қарғаш”, “Өмір нұры”, “Ит ашуы”, “Мәжнүн тал” повестерін кейінгі буын да аса қызығушылықпен оқиды.

Сафуан Шаймерденовтің шығармалары өзіме өте ұнайды. Адамгершілікке, үйретіп, тәлім-тәрбие береді деп ойлаймын.
Мен жерлес жазушының шығармашылығына арналған кештер жиі ұйымдастырылса екен деймін. Біз үшін өте пайдалы.

Сондықтан жазушының 90 жылдық мерейтойына арналған кездесулер әлі де жалғасын таппақ.

Инеш Шоқақова