Құқық қорғау органдары

Полиция қызметкері жолда баланы қағып кеткені үшін жауапқа тартылуда

 

Бұл – бірінші ашық сот отырысы. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына бұрынғы тәртіп сақшысы айыпталуда. Ол өткен жылдың қыркүйек айында бірінші сыныптың оқушысын көлікпен қағып кеткен болатын. Бүгінгі күнге дейін жүргізуші баланың жолға кенеттен шыққанын айтып, ақталып отыр. Қыздың ата-анасы мен туыстары бұл сөзді жоққа шығаруда.

Юрий Садовничий, Алина Луконинаның атасы:
– Оқиғаны көзімен көрген адамдар: «Қыздың жол шетіне жетуіне бір метр қалған еді» – дейді. Ол жолды жүгіріп өткен жоқ. Сондықтан айыпталушының не қарама-қарсы қозғалыс жолына немесе жол шетіне шығып кету мүмкіндігі болған. Бірақ ол бұл мүмкіндіктерді пайдаланбады.

Руслана Сувирко, оқиға куәгері:
– Машинаның жылдамдығы өте жоғары болды. Сондықтан оқиға қасқағым сәтте болды. Жүргізуші тоқтамай, әріқарай жүріп кетті.

Сол күні Алина әжесімен бірге дүкенге барған болатын. Оқиға көзді ашып-жұмғанша өте шығыпты. Марат Тугаев жүргізіп келе жатқан көлік соққан кезде Алина жолдың қарсы бағытына ұшып кеткен. Бірден екінші көліктің доңғалағының астына түседі. Қыз сол жерде  көз жұмған. Айыпталушы полицей жұмысынан босатылды. Дегенмен жарты жылдан соң ол қызметіне қайта орналаспақ болған. Оның бұл ойы жүзеге аспады.

Юрий Садовничий:

-Қызымызды жоғалтқанымызға кеше 7 ай болды. Дегенмен ешқандай өзгеріс жоқ. Кешірім сұрап та ешкім келмеді.

Жүргізуші айыпталып отырған бап бойынша рақымшылық заңына ілігіп отыр. Сондықтан ол бас бостандығынан айырылмақ емес. Дегенмен Алинаның ата-анасы моральдық шығынды өтеу үшін 2 млн теңге талап етіп отыр. Олардың бұл ақшаны алу-алмауы сот үкіміне байланысты болмақ.

Инеш Шоқақова