Балалар

Өндірістік оқыту шеберлері білімдерін жетілдіруде



 

Нұрбек Мұрат Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдап, былтыр “Дипломмен- ауылға” бағдарламасымен Ақжар ауданына жұмысқа тұрған. Еңбек жолын №6 кәсіптік лицейдің өндірістік оқыту шеберінен бастаған. Маман иесі атанамын дегендерге заман талабына сай білім беру үшін Нұрбек біліктілігін арттыру курстарына қатысуды ұйғарыпты.

Нұрбек Мұрат, Ақжар аудандық №6 кәсіптік лицейінің аға өндірістік шебері:
– Өзіміздің ауылдың кәсіптік деңгейін көтеру үшін келіп отырмын. Біліктілікті арттыру курстарына қатысқаныма қуаныштымын. 2 аптаның ішінде практикалық жағынан № 2, 5 лицейлерде болдық.
Өндірістік оқыту істерін өз көзімізбен көріп, өзімізге қажетті көп мағлұмат алдым.

Тыңдаушыларға бүгін су желілері мен санитарлық құрылғыларды жөндеудің қыр-сыры түсіндірілді. 2 аптаның ішінде Нұрбек сынды орта кәсіптік білім мекемелерінің жас мамандарына интерактивті, ақпараттық-коммуникативтік оқу әдістері үйретіледі. 72 сағаттық шеберлік сабақтарының тең жартысы өндірістік тәжірибеге арналған. Бағдарлама аясында   оқытушылардың жан-жақтылығын дамыту да көзделген.

Айсұлу Сәрсенбекова, СҚО мұғалімдер біліктілігін арттыру институтының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі:
– Мақсат өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілік деңгейін көтеру. Сонымен қатар тестілеу сабақтары өткізіледі. Онда педагогикалық, психологиялық, мемлекеттік тіл деңгейі анықталады.  

Жыл соңына дейін оқыту курстарында өңіріміздің 350 өндірістік шебері біліктілігін арттыратын болады.

Жеңіс Ермұқанов