Мәдениет

Қалалық саябақ жақында жұмысын бастайды

 

 

 

Көктемнің шуақты күндері енді жазға ұласады. Демалыс күндерін саябақта өткізгісі келетін жерлестеріміздің де қатары артады. Осыған орай мәдениет және демалыс саябағында қауырт дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Аттракциондар сырланып, техникалық тексерістен өтуде. Барлығы 30-ға жуық. Сынақ жұмыстары 3 күнге жалғаспақ.

Владимир Окунев, “Мир аттракционов” ЖШС инженері:
– Біздің серіктестік демалыс саябағын толық тексеруден өткізуде. Әткеншектерді арнайы техникалық білімі бар мамандар бақылауда. Парктегі аттракциондарды тексеру үшін адамның салмағындай қылып қапқа құмды салып, айналдырып жатырмыз.

Адамдарды шыр көбелек айналдыратын «бақа» мен «шолу сақинасын» мамандар құм салып тексеруде. Әр кабинаға салмағы 320 келі болатын 8 қап құм салып, айналдырады. Осылайша аттракциондардың төтеп бергіштігі анықталады. Биыл саябақта жаңа 3 аттракцион ашылмақ. Ересектер итальяндық машинаның қызығын көрсе, кішкентайларға гүл бағы ашылды. Мәдениет және демалыс саябағындағы гүлзар бағы деп аталатын аттракцион биыл жаңадан ашылды. 4 орынға шақталған орындықтары музыка ырғағымен айналады. Бұл 4 жасқа дейінгі балаларға арналған. Мәдениет және демалыс паркі 1 мамырдан бастап тұрғындарға есігін айқара ашады.

Гүлбану Ахметова