ТКШ

Облысты кең ауқымды көгалдандыру



 

Облыс орталығындағы жасыл желек қатары 5 мыңға жуық ағашпен толыға түспек. Бүгінге дейін Чайковский көшесінің бойына сібір алма ағашының 100 көшеті отырғызылыпты. Алдағы аптада тағы да 500 қайың егу жоспарланып отыр.

Марина Подоксенова, СҚО табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:
– Бүгінде 12 мемлекеттік орман мекемесінің әрбіреуінде шағын тәлімбақтар бар. Орманға қажетті тұқым негізінен осындай бақтарда өсіріледі. Егуге қажетті көшеттер тегін таратылады.

Сондай-ақ, ауласын жасыл желекке толтырамын деген әрбір тұрғынның осындай мүмкіндігі бар. Яғни жеке пәтер иелері кооперативі табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қажет көлемде көшетке сұраныс жасай алады.

Марина Подоксенова, СҚО табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:
-Табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы барлық облыс және қала тұрғындарын үшайлық шараға белсенді қатысуға шақырады. Оның барысында көшелер, үй-жайлар жасыл желекке оранбақ.

Жалпы орман қоры жыл сайын толығып отырады. Өткен жылы 657 гектар жас түп егілсе, үстіміздегі жылы да осынша аумақты орманды алқапқа айналдыру жоспарда бар.

Әспет Әбдірешова