Мәдениет

Сафуан Шәймерденовтің мерейтойына арналған кітап көрмесі

 Сафуан Шаймерденовтің қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Оның қаламынан туған романдары мен повестері – әдебиетіміздің алтын қорына енген шығармалар. Бүгінгі көрмеге жазушының үздік еңбектері қойылды. Шараға келген қонақтардың арасында қаламгердің немере інісі Зейнолла Әкімжанов та бар. Оның ақын-жазушы ретінде қалыптасуына Сафуан Шаймерденов септесіпті.

Зейнолла Әкімжанов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, аудармашы:
-Сафуан көп жастарға қамқоршы болды. Соның ішінде өзіме де қамқорлық жасады. Менің алғашқы өлеңдерімді тәртіптеп, қарап, кемшіліктерімді, олқылықтарымды сылып алып, жаманын жасырып, жақсысын асырып, “Сен болашақ ақын боласың, сенен мықты ақын шығады”,- деп осылай қолпаштап, қолдап, рухани демеу болып отырды.

Бүгінгі шараға аға буын өкілдерімен бірге мектеп оқушылары да қатысты. Олар руханияттың қазынасын көркем туындылармен байытқан жазушының шығармашылығымен қатар өмір жолымен де жақынырақ танысты.

Айғаным Ұланова, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат оқушысы:
– С.Шаймерденовтің көптеген шығармаларын оқыдым. Барлығы да маған ұнады. Бәрі де тәрбиелікке, жақсылыққа тәрбиелейді. Шығармалары өте қызықты. Балаларға арналған шығармаларын оқыдым. Бәрі де жақсы.

Сафуан Шаймерденовтің көркем туындыларындағы кейіпкерлері сұлулығымен де, сыпайылығымен де, әдептілігімен де оқырмандар жүрегіне жол тапты. Жазушы қаламынан туған Инеш, Әспет, Қарғаш т.б. образдар жылылықтың, әдеміліктің, әдептіліктің үлгісі.

Айдана Демесінова