Мәдениет

Қазақ-түрік лицейіндегі Наурыз мейрамы

 

Наурыз – көктем мейрамы. Сондықтан бұл мерекені шуақты күндерде атап өту білім ошағында игі дәстүрге айналған. Ашық аспан астында киіз үй құрылып, ұлттық тағамдар әзірленді. Жайдарлы мереке түрлі ұлт өкілдерінің басын қосты.

 Ахмет Гази Чолак, облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік  лицей-интернатының директоры:
Оқушылар мен ата-аналар бірігіп, киіз үй тікті. Байлығымызды, ұлттық құндылықтарымызды ата-аналар оқушыларға көрсетіп, түсіндіріп жатыр. Сахнада ата-аналармен бірге сол салт-дәстүрлерді көрсетеді.Сондай жарыстар болады.

Салт-дәстүрді жаңғырту, мол мұраны оқушыларға дарыту – шараның басты мақсаты. Қыз ұзату, сырға салу, құда түсу. Әр сынып осы дәстүрлерден көрініс көрсетіп, ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды паш етуге барынша дайындалыпты.

Анар Сұратаева, облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушысы:
Біз киіз үйді құруды әр жәрден көре алмаймыз. Сондықтан шараның мәні зор деп ойлаймын. Сахна төрінде сырға салу салт-дәстүрін көрсетеміз. Оның да мәні зор.

Ұлттық киімдегі ұл-қыздар, мерекелік концерт , ұлттық тағамдар. Қазақ-түрік лицейінің оқушылары мен ата-аналары осылайша Наурыз мейрамын тағы бір мәрте бар сән-салтанатымен атап өтті.

Наурыз құтты болсын. Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын.
Жаңа жыл келгенде көктем келеді. Киіз үй тігіліп, қыстаудан жайлауға шығады.
Наурызымызды, ұлтымыздың салтын жаңғыртып жатыр. Соған халық қуанышты. Қуанышпен жиналып жатыр. Жылымыз осындай қуанышта өтетін болсын.

Сондай-ақ сахнада «Мемлекеттік тілді меңгерудегі менің үлесім» атты байқауға белсене қатысқан оқушылар марапатталды.  

 

Инеш Шоқақова