Спорт

Футболдан омбылықтармен жолдастық кездесу

 



«Қызылжар» клубы өз алаңында Омбы командасын қабылдады. Жолдастық кездесу барысында жерлестеріміз жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Нысанаға көзделген алғашқы шабуылды өңір футболшылары жасады. Ойынның 11-ші минутында жерлесіміз Роман Селиверстов Омбы командасының қақпасына алғашқы голды соқты. Есеп 1-0. Ойын тартысты өтті. Омбылардың шабуылдары зая кетті. Өздеріне берілген мүмкіндікті қолдан жіберіп алды. Сөйтіп, қарсыластар үзіліске 3-0 есебімен тарасты.

 – Маған футбол ойыны өте ұнайды. Мен өзіміздің аяқдоп шеберлеріне жанкүйерімін. Олар бүгін жақсы ойнады. Қатарынан бірнеше гол  соқты. Олардың жеңіске жететіндеріне сенімдімін.
Ойын тартысты өтуде. Мен «Қызылжар» футболшыларын мақтан тұтам. Бүгін ерекше ойын өрнегін көрсетуде. Олар бізге жеңіс сыйлайды деген үміттемін.

Кездесудің екінші жартысында өңіріміздің аяқдоп шеберлері тағы да басымдық таныта білді. Ойынның 55-ші минутында қақпа кілті тағы ашылды. Төртінші голды Евгений Романов соқты. Көп кешікпей қақпаға 5-ші гол енді. Кездесусоңында қақпаға дарыған 6-шы гол жауапсыз қалды. Қорытынды есеп 6-0, қызылжарлықтардың пайдасына. Келесі ойын «Қарасай» стадионында сәуір айында өтпек. Онда «Қызылжар» Қаратау қаласының «Лашын» командасын қабылдайды.

Гүлбану Ахметова