Балалар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы студенттер дебаты

 

Жақтаушы және даттаушы болып екіге бөлінген шешендер ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының ақ-қарасын ажыратып, оның маңызын талқылауда. Қай қоғамда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрқашан басты назарда. Әсіресе, болашақ мамандардың, яғни бүгінгі жастардың қызметінде ондай әрекеттерді болдырмау үшін оның алдын алу керек. Мұны жастар жақсы түсінеді.

Динара Мақсұтова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті, «Номад» командасының қатысушы:
– Бүгін қарастырып отырған тақырыбымыз жемқорлықпен күресу және оның жолдары.Бұл тақырып әрқашан актуалды болады. Және оны шешу керек. Өзіміздің шешу жолымызда біз, біріншіден, үкіметтік емес ұйымдар мен үкімет арасындағы байланыс жүргізу арқылы осы проблеманы шешу және екіншіден, толықтырулар енгізу арқылы жемқорлықпен күресу шараларын қатайту мәселелерін қозғаған болатынбыз.

Бұдан кейін сөз сайысына шыққан екі топ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды қатаңдату керек пе деген тақырыпта пікір таластырды. Дебатты ұйымдастырушылар мұндай сайыстардың болашақ мамандар үшін берері мол дейді. Олар парақорлықтың қоғамға, жалпы жеке адамның өміріне тигізетін зиянын осы бастан түйсінуі керек.

Нұрлан Жахин, СҚО экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
– Қаржы полициясы органдары қылмыстарды анықтаумен қатар, алдын алу жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Бүгінде студенттер арасында дебаттық турнир ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсаты жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетынымдарын қалыптастыру, яғни осы мақсатта тәрбиелеу.

Аталған тақырыпқа 4 команда сөз таластырды. Орақ тілді шешендік, нақты тұжырым мен дәлелді қажет ететін қасиеттерді меңгерген дебатшылардың ішінде «Факультет» командасы топ жарды.

Әспет Әбдірешова