Қоғам

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу тақтасы мамырдың 31- не дейін тұрғызылады



 

Еске алу қабырғасы саяси қуғын-сүргін құрбандарының құрметіне тұрғызылған ескерткіштің қарсысында қаланады. Репрессияға ұшырағандарды еске алу күніне орай мамырдың 31-ші жұлдызында бұл жерде ұзындығы – 66, биіктігі 2,8 метрлік мәр-мәр тастан соғылған монумент бой көтермек. Мемориалдық кешенді айнала саябақ ашылады. Кеспе тас төселіп, орындықтар қойылады. Сән келтіретін гүл, ағаш көшеттері отырғызылмақ. Тақтаға солақай саясаттың жазықсыз құрбаны болған азаматтарының есімдері қашалып жазылады. Қоғамдық комиссияның отырысында тізім нақтыланды. Соңғы 7 жыл бойы жиналған бұл қаралы есепте 5694 жерлесіміздің аты-жөні белгілі болып отыр.

Болат Сағындықов,  “Память” қоғамдық қорының төрағасы:
Қосымша 200 кісілік бос орын қалтырамыз. Бұнымен жұмыс тоқталмай әрмен қарай жалғаса береді. Егер кірмей қалған ата-аналары, туыстары болса біздің “Память” қоғамдық қорына беруге болады.

Қаралы тізім ҰҚК және прокуратура мұрағаттарындағы мәліметтерден тексерілді. Бұл қасірет Кеңес Одағы құрамындағы 1 елді де айналып өтпеді. Бүгінде  Ресей, Украина, Польша азаматтарынан да Солтүстік Қазақстанға айдалған туысқандары жөнінде мәліметтер келіп жатыр. Еске алу қабырғасының жобасы бүгінде толығымен дайын. Ендігі мәселе – қаражат табу. Жалпы игі шараға 19 млн. теңге жұмсалмақ.

Болат Сағындықов, “Память” қоғамдық қорының төрағасы:
Бюджеттен сырт қаражат. Сондықтан бұған үлес қосу керек. Туған-туысқандары, жақындары мен қоғамдық ұйымдардың көмегіне сеніп отырмыз.

Бүгінде қайырымды жандар естелік тақтасының құрылысына 3 млн теңге жинапты.

Жеңіс Ермұқанов