Қоғам

Сәуірдің 21-і күні – жалпықалалық сенбілік

 

 

 

Облыс орталығында сәуірдің 21-інде жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылады. Бұл күні қайырымдылық шара ретінде кәсіпорындар мен еңбек ұжымдары бір күндік еңбекақыларын қалалық ардагерлер Кеңесінің есебіне аударады. Ол қаржы Ұлы Жеңістің 67 жылдығы қарсаңында ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қолдауға бағытталмақ.

Нұрсұлтан Байбақтинов, қала әкімінің орынбасары:
-Іс-шаралардың жоспары әзірленді. Облыс орталығының көшелері, саябақтар, гүл бақтары, мекемелер мен ұйымдардың аумақтарын тазалайтын кәсіпорындар мен мекемелер белгіленді.

Қаланы көркейтіп, оның таза қалпын сақтау әрбір тұрғынның міндеті. Осы орайда алдағы уақытта сенбіліктермен қоса «Тазалық жұмасы» акцияларын өткізу де жоспарда бар.

Нұрсұлтан Байбақтинов, қала әкімінің орынбасары:
-Ұйымдастыру комитеті барлық қала тұрғындарын, мекемелер мен ұжымдар жетекшілерін облыс орталығын абаттандыру үшін үшайлық шараға белсенді қатысуға шақырады. Осы орайда белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, қоршауларды бояу, жол жиектері мен ағаштарды ақтау, сондай-ақ ғимараттардың алдын тәртіпке келтіруге назар аудару керек.

Көктем келісімен көпшілік ауласын тазартып, үй-жайының маңын тәртіпке келтіруге кіріседі. Ұзақ қыстан кейін өңі кеткен қаланың шырайын кіргізуге петропавлдықтар әрқашан әзірміз дейді.

– Қала таза болу үшін міндетті түрде шығу керек бәрімізге
– Мұндай сенбіліктер қажет.
Қаланы тазарту керек. Өзім бірінші кезекте шығамын.

Сенбіліктер сәуірдің 28-і және 5 мамыр күндері де жалғасын таппақ.

Әспет Әбдірешова