Қоғам

Сәуірдің 12-сі – Бүкіләлемдік авиация және ғарышкерлер күні

  
 

 

Осыдан тура 51 жыл бұрын адам баласы Байқоңырдан алғаш ғарышқа ұшты. Тұңғыш жер серігі де аспанға жол тартты. Әлемде ғарышқа алғаш жол салған Юрий Гагарин болды. Араға 30 жыл салып, қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров көкке самғады. Ұлпан Елжасова өзінің еңбегінде еліміздің ғарыш саласында қол жеткізген табыстарын бейнелепті.

Ұлпан Елжасова, “ЮНЕСКО клубы”, бейнелеу өнері лицейінің тәрбиеленушісі:
– Мен суретте ғарышты, жұлдыздарды, ұшып жүрген ғарышкерді бейнеледім. Суретімді гуашьпен салдым.

Аталмыш сайысқа 33 шетел суретшілері атсалысыпты. Халықаралық байқауға еліміздің 9 оқу ордасы қатысқан. Көркемөнер лицейінен 17 қолөнер жұмысы жіберіліпті. Үздік жұмыстардың ішінде Карина Халиуллинаның туындысы 3 дәрежелі дипломға ие болды. Бұл оның ғарыш тақырыбында ұйымдастырылған жарысқа алғаш қатысуы.

Карина Халиуллина, “ЮНЕСКО клубы”, бейнелеу өнері лицейінің тәрбиеленушісі:
– Ғарыш тақырыбына арналған сайысқа алғаш қатысуым. Мен өз суретімді алдымен акварель бояуларымен шыныға салып, кейін қағазға түсірдім. Бұл жұмыста спутник және ғарыш қана бейнеленсе де, ол абстракциялы, мистикалық дүние болып шықты.

Бұндай сайыстар оқушылардың дарынын ашуға зор мүмкіндік береді дейді балалардың ұстазы Дарья Мещенко.

Дарья Мещенко,”ЮНЕСКО клубы”, бейнелеу өнері лицейінің ұстазы:
-Берілген тақырыптың көлемі өте ауқымды. Балалар тақырыпты бірден ұнатты. Олар өздерінің туындыларын аса жаупкершілікпен орындады.

Өткен жылы көркемсурет лицейінің тәрбиеленушілері 54 сайысқа қатысыпты. Барлығында да жүлделі орындардан көрінді.

Әсел Күшенғалиева