Балалар

“Жас Отанның” есеп беру жиыны

 

 

 

 «Жас Отан» жастар қанаты әрдайым игі істердің бастамашылары болып келеді. Ұйым өткен жылы 80 мыңнан астам жастардың қатысуымен 100 ауқымды іс-шара ұйымдастырған. Мұның бәрі көзге бірден көрінбегенімен, қыруар еңбекті талап ететін жауапкершілігі мол жұмыс.

Аксана Евсеева, СҚО ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы:
– Бүгінде өңірімізде 51 жастар ұйымы жұмыс істеуде. Оның 8-і аудандарда. Жастар қозғалысының ең белсенді мүшелері – «Жас Отан» жастар қанаты. Өткен жылы ұйым 45 мыңнан астам жастардың қатысуымен патриоттық тәрбиеге байланысты 40-тан астам іс-шара ұйымдастырды. 28 іс-шара -салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Өңірімізде 143 мыңнан астам жас бар. Бұл тұрғындардың 30 пайызы. Олардың қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына жол ашу қажет дейді ұйым мүшелері. Әсіресе, ауылға жаңа серпін беру керек. Биыл мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 12 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Оның 4 млн-нан астамы аудандарға бағытталмақ. Өңір жастары үшін жағымды жаңалықтың бірі – студенттер биржасының құрылуы. Бұл мекеме сабақтан бос уақытты пайдалы өткізуге мүмкіндік бермек.

Данияр Әбутәліпов, «Нұр Отан» ХДП СҚОФ «Болашақ» филиалы төрағасының орынбасары:
– Біз көптен-көп жастар активін жұмылдыра отырып, әр аудандарға барып, жұмыс өткіздік. Біз патриоттық шаралар, спорттық шаралар өткіземіз. Ауылдарға аса көңіл бөлінеді. Олардың атқарушы хатшыларына тікелей тапсырма беріп, биылдан бастап нақты жоспар бойынша жұмыс істейміз.

Жиында “Жас Отан” ЖҚ кеңесінің мүшелері ұйымның жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, кеңестің жаңа мүшелерін сайлады.

Инеш Шоқақова