Білім

Орыс тілі білгірлерінің байқауы

 

Болашақ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің білім-білігін сынайтын республикалық олимпиадаға барлығы 21 студент қатысуда. Онда сауатты жазу, яғни сөйлемдерді дұрыс құру мен қолдана білу, граммтикалық заңдылықтарды сақтау мен орыс тілінің ережелерін дұрыс қолдануға қатысты тапсырмаларды орындау жүктелген.

Елена Сабиева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ  орыс тілі және әдебиеті кафедрасының доценті:
Тапсырмалар әр түрлі. Олардың бәрінде қазіргі орыс тілінің барлық бөлімдері қамтылған. Яғни, морфология, фонетика, синтаксис, сөзжасам деген тақырыптарға қатысты.

Әлішер Еспембет бүгінгі олимпиадаға Халықаралық қазақ-түрік университетінің үмітін арқалап келіпті. Өткен жылы да осы пән бойынша ол Астанада өткен олимпиадаға қатысыпты. Алайда жеңіс тұғырынан көріне алмаған. Осы жолы жеңіске жетсем деген жігермен келген талапты жас биылғы сайыс тапсырмаларының әлдеқайда күрделене түскенін айтады.

Әлішер Еспембет, Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті:
-Тапсырмалар былтырғыға қарағанда өте қиын десем қателеспеймін. Мысалы, «Языковые уровни» деген тапсырмалар көп келіп жатыр. Солар қиынырақ болуда.

Білім додасының екінші күні студенттердің орыс әдебиеті бойынша білімдері сыналады.  

Әспет Әбдірешова