Туризм

Облыс аумағында жаңа демалыс орындары ашылады

 

 

 

Облысымызда ішкі туризмді дамытуға көп көңіл бөлінеді. 2011 ж “Абакшино”, “Сосновый бор”, “Серебряный бор, “Пестрое” парк-отелінің инфрақұрылымы жаңарды. Бұл жеке инвестициялардың арқасында жүзеге асыпты. Қызылжар ауданындағы демалыс аймақтарын жаңғырту – өңірімізге келетін қонақтардың көбеюіне жол ашты.

Ирина Мартыненко, СҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы туризм және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бастығы:
Сараптама нәтижесі туризмнің барлық бағыттары бойынша саяхатшылар санының артқанын көрсетті.  Өңірге келген 3600 туристке қызмет көрсетілді. 50800 саяхатшы ішкі туризм бойынша, ал орналастыру нысандарының қызметіне 52000-ға жуық адам жүгінген.

Алдағы уақытта Шал ақын ауданының инфрақұрылымын дамыту жоспарланып отыр. Сергеев су қоймасы аумағының мүмкіндіктері жақсы демалыс орнын құруға жол ашады. Айыртау ауданы да бұл бағытты дамытуға кірісіп кеткен. Өткен жылы мұнда «ВИП-Солнечный” және “Орлиная гора” нысандары бой көтерді. Үстіміздегі жылы бұл мекемелер іске қосылмақ. Экономикалық туризм де өркендеп келеді. Облысымыз тау тізбектері, орман алқабы және өзге де әсем көріністерге бай. Шалқар көлі мен Имантау табиғи аумағы қазақстандық және өзге елдерден келетін туристердің арасында танымал.

Ирина Мартыненко, СҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы туризм және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бастығы:
 
СҚО туристік нарығында бүгінде 12 туристік агент, 4 туристік оператор, 37 орналастыру мекемесі, 2 туристік орталық және 22 балалар сауықтыру лагері жұмыс істейді. Орналастыру саласында 50 000-нан астам адамға қызмет көрсетілді.

Бүгінгі таңда облыста 36 туристік бағыт құрылды. Жақын арада олардың саны ұлғаймақ. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы студенттер арасында қызықты жобалар байқауын жариялады. Ол 3 негізгі аталым бойынша өткізіледі: «Үздік туристік бағыт», «Үздік экскурсиялық бағыт» және «Қонақ үй қызметіне онлайн жүйесінде тапсырыс беру бойынша үздік жоба». Бұл атлмыш салаға құйылатын инвестиция көлемінің өсуіне септесетіндігіне ұйымдастырушылар үлкен үміт артып отыр.

Айдана Демесінова