ТКШ

Есіл өзенін ластаушы анықталды

 

 Есіл өзенінде мұздың бетіне иісі мұрын жаратын сары сұйықтықтық жайылған еді.  Сұйықтықтың қайдан ағып жатқанын табиғат сақшылары, экологтар және санитарлық дәрігерлер ұзақ уақыт іздестіріп, ақыры мамандар оның қараусыз қалған құдықтан аққанын анықтады. Қазіргі кезде ол құдықтың беті жабылды. «Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш ғимараттар» мекемесінің өкілдері Есіл өзеніне ағып жатқан сұйықтыққа тосқауыл қойылды дейді.  Кінәлілер – ассенизаторлар болып шықты. Олар еш рұқсатсыз лас сұйықты осында құйған. Кәсіпорын  “Петропавл су” АҚ арнайы рұқсатын алуы тиіс болатын. Бірақ бұл мәселенің бір ғана құдықтың бетін жабумен шектелмейтін түрі бар. Проблеманың алдын алу үшін осы төңіректегі әр құдықты зерттеу керек болды дейді мамандар.

Тексеріс барысында бір учаскеде заңсыз қосылған құбырлар, қараусыз қалған құдықтар анықталды. Біз құбыр мен құдықтың бетін жаптық. Өзенге енді сасық сұйықтық ақпайтын болады. Болжам бойынша бұл «Жылу желілерінің» құбырлары.

Қайрат Файзулин жер астында жатқан құбыр кеңес уақытында заңсыз орнатылғандығын айтады. Сондықтан бүгін кінәлілерді табу мүмкін емес. «Жылу желілері» кәсіпорнының  мамандары ондай құбырлардың бар екендігінен бейхабар болған көрінеді. Қайрат Файзулин  енді күн сайын өзен жағалауын бақылап тұрамыз дейді.

 Қайрат Файзулин,«Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш ғимараттары» МКК директорының орынбасары:
-Біздің кәсіпорынға түскен шағым бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген болатынбыз.

Гүлбану Ахметова