Қоғам

Ардагерлер ұйымының белсендісі

   

 

 

Қадыр Қожахметұлы биыл 74 жастан асты. Саналы ғұмырында еңбек етіп үйренген қария  бос отырғанды ұнатпайды. Қоғамдық шаралардан тыс қалып көрген емес. Таңертеңнен далаға шығып серуендеп, таза ауа жұтады. Біз де Қадыр атаны осындай серуендеп жүрген кезінде әңгімеге тарттық.  Қадыр Сайдуов еңбек жолын Булаев көлік жөндеу шеберханасынан бастапты. Мұнда трактор қозғалтқыштарын қалпына келтірумен айналысқан. Кейін бірқатар жауапты  қызметтер атқарып, өңірдің дамуына сүбелі үлес  қосты. Бос отыруды жөн санамайтын қария зейнет  демалысына шыққаннан кейін де облыстық ардагерлер кеңесінде еңбектенген.

Қадыр Сайдуов, еңбек ардагері:
-Әр түрлі жұмыстармен, әр түрлі әңгімелермен өздерінің істеген жұмыстарын, үлкен адамдар болған, үкімет басшылары, аудан басқарған жігіттердің мол тәжірибесі бар, сол тәжірибелерді жастарға беру керек.
Үйрету керек. Оның бәрі нағыз керек нәрсе.

Немересін тәрбиелеумен айналысу үшін қария облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелігінен шығыпты. Алайда бұрынғы әріптестеріне үнемі жәрдемдесіп отыратын көрінеді.

Қадыр Сайдуов, еңбек ардагері:
Біз соңғы 2-3 күннің ішінде 2 ауданға барып келік: Уәлиханов, Ақжар аудандары. Бұл екі ауданда тұратын адамдардың жұмыстары жақсы, тұрмысы жаман емес. Олармен кездескен уақытта алатын пенсиялары туралы, жұмыстары туралы әңгімелестік,  ең ондысы олар бірігіп, аудандық мен селолық округ  әкімдіктері бірге жұмыс істеп жатыр, қоян-қолтық деген сияқты.

Орайы келгенде Қадыр ата ардагерлер кеңесіне келіп, олардың жағдайын біліп кетеді. Бүгін де сәті түсіп, жолдастарымен әңгімелесуге келді. Ескендір Елеусізов еңбек ардагерімен 30 жыл бұрын танысыпты. Осы уақыт аралығында ақсақал тек жақсы қырынан ғана танылған екен.

Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Қадыр Қожахметұлы Сайдуов сияқты бұрын жұмыс істеген, қызмет істеген, көргені, тоқығаны мол адамдар бізге келіп жүреді. Солардың ақыл-кеңесіне сүйеніп жұмыс жүргіземіз. Қазіргі уақытта жасына қарамай, Алла берген күш-қуатының арқасында бізге келіп аянбай ардагерлердің жұмысына белсенді араласатын жайы бар.  

Қадыр Сайдуовты жақсы білетін азаматтардың барлығы ол туралы осындай пікірде.

Айдана Демесінова